Қоғамдық бірлестік Алматының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының біліксіздігі мен қоғамға қарсы қылықтар жасағанын атап көрсетіп отыр

Қала әкіміне арнаған үндеулерінде "Қазақстанның жас кәсіпшілер қоғамы" Алматының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жұмысының әдістері жөнінде өз ойларын білдірген. Атап айтқанда, хатта Қазақстандағы жастар саясатын дамыту бойынша мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдарға арналған бюджеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін түсіндіріп беру үшін жастар ұйымының қорға жүгінгені көрсетілген.

"Қазақстанның жас кәсіпшілер қоғамы" хабарлағандай, жүгінгеннен бір ай өткеннен кейін өз хаттарының жайын білмек болған. Бізді көп жүгірткізді. Сосын қор маманы А. Сәрсенов оған хатты ешкімнің бермеуі себепті ол хатта не жазылғанын білмейтінін айтты. Жауабын қашан аламыз? - деген сауалға ол: "Біз бір ай ішінде жауап беруге міндетті мемлекеттік құрылымдар санатына жатпаймыз. Мен сіздерге барлық шешімдерді ішкі саясат департаменті қабылдайтынын айттым емес пе?" - деп жауап берді.

Мұндай жауап алғаннан соң жастар ұйымы әкімге жолдаған үндеулерінде бірнеше ұсыныс тастаған. Атап айтқанда, олар "аталмыш мемлекеттік ұйым өкілдерінің біліктілігі мен ұйымдастыру деңгейі адам айтқысыз төмендігін, ал кәсібилік туралы тіпті сөз қозғаудың өзі артық дегенді хабарлаған. "Қор өкілдері салық төлеушілердің арқасында, яғни, олар осылайша жауап берген, шындығында, жауап бермеген азаматтардың арқасында жұмыс істеп жатқандарын ұмытса керек".

Сонымен қатар, "Қазақстанның жас кәсіпшілер қоғамы" мемлекеттік ұйым қызметкерлерінің тәртібінің өзге де себептерін атады. "Құрылым тағы да өзінің қоғамға қарсы сипаты мен жұмыс әдістерін көрсетті. Өздерінің бюджеті туралы ақпарат бергілері келмейді. Өйткені, мемлекеттің қаражат өз мақсаттарына жұмсалмайды. Және соңғысы -Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры өзінің қызметтік міндеттемелерін іс жүзінде орындамайды және "жоғарыға әдемі есеп беру" режимінде жұмыс істеп отыр. Яғни, Алматыда ондай ұйымға, мұндай басшылығы бар ұйымға деген қажеттілік жоқ", - деп жастар ұйымының хатында мәселенің түйіні көрсетілген.

"Жалпы алғанда, біз сізге Алматыдағы атқару билігінің өкілі ретінде осы жағдайды шешу және өзіңізге есеп беретін бөлімшелердің халықпен байланысын қамтамасыз ету өтінішімен жүгініп отырмыз", - деп көрсетілген Алматы әкіміне арналған үндеуде.

"Қазақстанның жас кәсіпшілер қоғамы" Алматы қаласындағы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорына жүгінген мәселелері жастар саясаты қорының рөлі жайында болған. Атап айтқанда, жастар ұйымы егер "Жастар және жасөспірімдер" бағдарламасының әкімшілігі ішкі саясат департаменті болса, жобалар шараларын қалалық мәслихат бекітетін болса, ал бағдарлама әкімшілігінің бюджетін экономика және бюджетті жоспарлау департаменті бекітетін болса, онда қаланың жастар саясатында қордың қандай рөл атқаратынына қызығушылық танытқан.

Сонымен бірге, "Қазақстанның жас кәсіпшілер қоғамы" 2008 жылғы қор бюджетіне қызығушылық танытқан. Олар қандай да бір жастар ұйымының қандай да бір шараларын өткізуге мемлекеттік тапсырыс беру қандай критерийлер негізінде жүзеге асатынына жауап іздеген.