Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші әсіресе, қоғамдық орындардың ластануына жол бермей, көпшілікті тазалыққа үйретті.
"Қоғамдық орындарда әжетханаға кіргенде шашылып тұрса, менен кейiнгi адамнан ұялып, мен бүлдiрдi деп ойлап қалар деп, (жеркеншек болсам да) жинап шығамын.
Арттарыңызды жинап, қағаздарыңызды қоқыс шелегіне салып жүрiнiздершi. Әжетхананы жуатын адамға құрмет болу керек. Ол да дәл өзiңiздей адам ғой. Адам баласын ренжіткен жақсы емес. Күз келдi. Көпшiлiк жүретiн жерге түкiрiп тұратындарға да ұрсыныздаршы.
Өзiмiздi өзiмiз тәрбиелемесек, бiздiң елдi келiп ешкім өзгертпейді", деп жазды әнші желідегі парақшасында.