Қоғамдық ұйым өтіп кеткен тестілеудегі былық туралы айтты

Мына суреттер ҰБТ-ның бірінші күні түсіріліпті. Болжам бойынша, сынақ тапсырып отырғандар – Алматыдағы Жетісу ауданының мектеп түлектері. Бірі телефонмен тілдессе, екіншісінің астында шпаргалкалар жатыр. Енді бірі тапсырманы ақылдаса орындауда. Ата-аналардың айтуынша, осындай жеңілдік үшін әр түлектен 10 мыңнан 40 мың теңгеге дейін ақы алыныпты. Қалалық білім бөлімі де көрсеткіш қуып, бұндай заңсыздыққа көз жұмады дейді бүгін жиын өткізген қоғамдық ұйым өкілдері. Сондықтан олар қаланың бас мұғалімі – Рахат Шимашеваның қызметтен қуылуын талап етті.

Марианна Гурина, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті:

- Мектепке, аудан мен қалаға тек рейтинг керек. Олар осындай көрсеткішпен мақтанғысы келеді. Ал іс жүзінде осындай әрекеттер арқылы әділетсіздікке жол беріліпи отыр. Яғни өз күшімен тапсырған баланың гранты айласын асырған түлекке бұйырады. Бұған жол берген білім саласының басшылары қатаң жазалансын.

Loading...