"Қазір Қазақстанда 2 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оппозициялық газеттер де нақты жұмыс істеп жатыр. Оған қалағанның бәрі көз жеткізе алады",- деді президент. Осы орайда ол "баспасөзге экономикалық қолдау көрсету үшін соңғы 4 жыл бойына қосалқы құн салығы алынбай отыр. Радиожиіліктерді пайдаланғаны үшін төленетін жыл сайынғы төлемдер мөлшері де барған сайын азая түсуде. Қазақстан қоғамы үшін маңызды тақырыптарды жария ету үшін барлық БАҚ-тарға мемлекеттік тапсырыстар беру механизмі қолданылуда",- деп атап өтті. "Соңғы 4 жылда мемлекеттік тапсырыс алу үшін байқауға өтініш бергендер саны 10 есе артты",- деді Н.Назарбаев.