"Сот азаматтардың құқығымен бостандығын қорғауды күшейтіп, қоғамға құқықтық кеңістік шеңберінде дамуға мүмкіндік беруге тиіс. Соттың қорғауында болу кепілдіктері туралы Конституциялық қағиданы жүзеге асыру - мемлекет тарапынан соттардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасаумен тығыз байланысты",- деді Н.Назарбаев.
Елбасы кейінгі кездері соттарды материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етуге бөлінетін бюджет қаржысының көлемі сатылы түрде өсе түскенін еске салды. "Егер 2002-жылы бюджеттен бұл мақсатқа 4,8 млрд. теңге бөлінсе, биыл 8 млрд. теңге қарастырылған",- деді ол. Елбасының айтуынша, 2001-жылдан бері ҚР Жоғарғы соты, 8 облыстық және 231 аудандық сот жаңа ғимаратқа көшсе, соттардың қарамағындағы 48 ғимаратқа күрделі жөндеу жасалды. "Соттардың негізгі материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейі 2001-жылғымен салыстырғанда екі есе өсті, бүгінде әрбір судья қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген",- деді мемлекет басшысы. "Түрлі қиындықтарға қарамастан, ақшаны жұмсайтын басқа тауқыметтердің шаш-етектен болғанына қарамастан, біз бұл істерді арықарайғы реформалардың маңызды факторы деп санадық",- деді Н.Назарбаев.
"Сот жүйесі қалыпты және әділетті жұмыс істемейінше, экономикалық және саяси реформалар тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз",- деп қорытты өз сөзін Елбасы.