"Сыбайлас жемқорлықпен күресте табысқа жету үшін ең басты екі нәрсе қажет. Бұл - мемлекеттің жігері мен азаматтардың атсалысуы", - деді С. Злотников.
"Конференцияның мақсаты - мемлекеттік секторға арнап нұсқаулар дайындау. Оның үстіне қазір Қазақстан БҰҰ-ның екі конвенциясын - сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі конвенцияларды бекітті. Жаһандық әлемнің қатысушысы ретінде біздің проблемаларымыз жергілікті емес, ғаламдық сипатқа көшті", - деді С. Злотников.