Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Конкретно қатыныңның көйлегін көк етіп, беліңнен шыққан балаларының қарның тоқ ету қолдарың келмейді. Өтірік сасық көкірегі кімге керек, еркекпін деген. Маған сын-мін тақпай, қойныңдағы бір қатындарыңды қандырып алыңдаршы. Еркек болып, елдің мәселесі не керек. Ұят ай, масқара. Осыған жеттік енді. Осылай айтпасаң да болмай кетті. Мұрынның астынан міңгірлеп қоймайды ғой", - деді блогер.
Ырысбала сондай-ақ нағыз еркектің қандай екенін де жазуды ұмытпады.
"Нағыз еркектің сипаты мен үшін еңбектенетін, отбасы мен бала-шағасының жағдайын жасап, адал маңдай термен ақша тауып, аманат қылып алған әйелін сыйлаумен жүретін, өз орныны біліп, бәрінен еркектік намысты жоғары қойып, майдаланбайтын азамат мен үшін еркек. Базар жоқ басымды иіп сыйлаймын. Басқаларың үре беріңдер. Мен иттің тілін түсінбеймін", - деп жазды блогер Ырысбала Икрамбай.