Тал түбінде фікір қылып отырған сопыны көріп, қойшы соған еліктеп, жанына отырып, терең ойға шомды. Сәлден соң қойшы ішінен қойларын санай бастайды. Сәлден соң қойлардың жүнін қырқып сатудан түсетін пайданы есептей бастады. Содан соң бұдан да жалыққан ол біраз үнсіз отырды, сосын әлгі дәруіштен былай деп сұрады:
- Тақсыр! Сіз не ойлап отырсыз?
- Құдай жайлы, - деді диуана.
- Ал сен білесің бе, менің не туралы ойлағанымды? – деп сұрады қойшы.
- Сен де Құдай жайлы ойландың,- деп жауап берді.
- Қателесесің, мен қойдың жүнінен түсетін пайда жайлы ойладым,- деді қойшы.
- Шындығында сен де Құдай туралы ойландың. Менің Құдайымның сататын ешнәрсесі жоқ. Сенің Құдайың болса, алдымен базарға баруы керек. Бірақ ол жолда қарақшыны кезіктірер де, ол оған осы талдың түбіне келіп тағат-ғибадат етуге мәжбүрлер....
Авторы: Жүрсін Кәрім