Қол алысып амандасуға тыйым салынды

Павлодар облысында тағы карантин шаралары күшейтілді. Жаңа қаулыға аймақтың бас санитар дәрігерінің орынбасары Зәмзагүл Дошанова қол қойды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ғимаратқа кіргенде, қоғамдық көлікте, сондай-ақ жұмыс орындарында қол алысып амандасуға тыйым салынсын, адамдар арасында екі метр әлеуметтік қашықтық, маска тағу ережесі сақталсын. Жеке гигиена, түшкіру және жөтелу этикеті сақталсын", - делінген құжатта.

Қаулының толық нұсқасы Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің
сайтында
жарияланды.