Қазанның 12-сі күні басталған бұл дүбірлі додаға - Жапония, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Түрікменстанның ұлттық құрамалары қатысуда. Қазақстандықтар бұған дейін жапондықтарға 26:38, оңтүстік кореялықтарға 23:36 есебімен жеңілсе, түрікмендерді 9:27 есебімен жеңіп, солтүстік кореялықтармен 22:22 есебімен тең түскен еді. Бүгін олар ақтық ойынын қытайлықтармен өткізуде. Ал оңтүсттік кореялықтар жапондықтармен күш сынасуда. Алғашқы 5 ойында жапондықтар барлық қарсыласын қапы қалдырса, түрікменстандықтар жеңілістен көз аша алмады.