19 ақпанда басталған бұл жарыс жұма күні аяқталады.
Суперлига командалары арасында кеше Оңтүстік Қазақстан облысының «Қазығұрты» Батыс Қазақстан облысының «Ақжайығына» 19:41 есебімен ұтылып қалды. Астаналықтар Алматы облысының «Іле» командасын 38:30, ал Қызылорда облысының «Сейхун-КАМ» командасы алматылықтарды 33:19 есебімен ұтты. Жарыстың алғашқы күні «Алматы» мен «Астана» (23:31), «Іле» мен «Ақжайық» (39:37), «Сейхун-КАМ» мен «Қазығұрт» (36:21) өзара күш сынасып, алғашқылары жеңіске жеткен болатын.
Жоғары лигадағы командалар арасында кеше алматылықтар («Алматы-2») қызылордалықтарға (Сейхун-КАМ-2») 18:26 есебімен ұтылып қалды. Олар алғашқы ойында Қарағанды облысының командасынан (40:13) басым түскен болатын. «Іле-2» командасы болса Қостанай (31:19) мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан («Қазығұрт-2») келген құрдастарын (28:25) қапы қалдырды. Алматылықтарға есе жіберген қарағандылықтар Павлодар облысының спортшыларынан да 14:24 есебімен жеңіліс тапты. Астаналықтарды («Астана-2») 6:36 есебімен ойсырата жеңген Шығыс Қазақстан облысының «Әділ» командасы оның алдында павлодарлықтарға 28:14 есебімен жеңіліс тапқан болатын.