Қолайсыз ауа райы кесірінен егін ору науқаны баяу жүріп жатыр

Теріскейдің шенділері министрді түсімділігі мен сапасы жоғары алқапқа апарды. Биыл еліміздің диқандары 16 миллион гектар жерге бидай сеуіп, 18 милллион тонна астық жинамақшы. Өткен жылғы көрсеткіш бұдан едәуір аз болатын. Егіннің түсімділігі шамамен гектарынан 12 пайыздан айналып жатыр. Элеваторлар мен астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы да жетерлік деп сендірді министр. Сондықтан былтырғыдай астық шіріп, ысырап болмауы тиіс. Қазір диқандарға қол байлау болып тұрғаны ауа-райы ғана.


Асылжан Мамытбеков, ҚР ауыл шаруашылығы министрі: 

- Ауа-райы кедергі келтіріп тұр. Диқандар ауа райын күтіп, осы жаңбырдың араларында жинап жатыр. Қазіргі уақытта фермердің шаруашылығында тұрмыз. 60 пайызын жинап қойған. Бір аптаның ішінде бітіремін деп отыр. Еліміз бойынша да тура осындай. Бүгінгі күні 59 пайыз жиналған.