Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар облыстарында жолдар жабылды


Боранға, жолдың көрінуінің нашарлауына, қар жаууына, кей жерлерде көктайғақ болуына байланысты 19 қараша күні түнгі сағат 22.00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін Қостанай облысында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырымы), «Жақсы-Есіл-Бозылық» (0-82 шақырымы), «Екатеринбург-Алматы» (997-856 шақырымы), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырымы) жолдары жабылды. 
Қарағанды облысында боран салдарынан жолдың көрінуінің нашарлауына байланысты «Жезқазған-Петропавл» (252-377 шақырымы), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (106-232 шақырымы) автожолдарының учаскелері жабылды. 
Сондай-ақ «Жезқазған-Петропавл» (130-240 шақырымы) тас жолының учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.