Қолайсыз күн райы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта түсімін жинауға кедергі келтіруде

"Кейінгі аптада жаңбыр күнде жауып, мақташылардың түсім жинау жұмыстарын кешеуілдетіп отыр. Бүгінгі жағдаймен 293 мың тонна мақта жиналды, бұл межелі көлемнің 92% тең", - деді Қ.Оспанбеков.

Күн райы қолайлы болған жағдайда дихандарда тағы да 40 мың тонна мақта жинап алуға мүмкіндіктері бар.

"Аудандардан келіп жатқан болжамдарға сәйкес, біз нәтижесінде 330 - 335 мың тонна шикі мақта жинап алуға тиіспіз", - деді Қ. Оспанбеков.

Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, шикі мақтаның бір килограммының бағасы 51 - 52 теңгені құрайды.