"Қолдарында автомат. Мені шығарып алды": Балғынбек Имашевты шетелде "террорист" деп ұстап алған

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев шетелде жүріп ыңғайсыз жағдайға тап болғаны туралы айтып, қызық оиғасымен бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Кіімнің есінде?” бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтыскер әріптесі Айнұр Тұрсынбаевамен іс сапармен Оңтүстік Африкаға аттанған. Алайда олар діттіген жеріне жете алмайғ біраз қиналған.

“Айнұр екеуіміз Африкаға дейін барып келдік. Қырғыз бен казақтың айтысы ЮНЕСКО-ға енетін болып, сертификаты келді. Африканың Намибия деген мемлекетіне баратын болдық. Намибияға Франкфурттан тікелей ұша алмайды екенбіз. Оңтүстік Африкаға барып, кейін тағы барып, әрі қарай ұшуымыз керек болды. Бірақ екі мемлекетті аттағаннан кейін сол мемлекеттің визасын алу керек екен. Біз Қазақстаннан ұштық, Германия, одан кейін Оңтүстік Африканың визасы керек деді. Біз: "Оңтүстік Африкада тұрмаймыз, әрі қарай Намибияға кетіп қаламыз" дедік, сөйтіп, бүкіл жолаушылар ұшып кетті де, Айнұр екеуімізді әуежайда алып қалды. Франкфурттың әуежайында тіл білмейміз, ағылшынша білмейміз, орысшамыз түкке жарамай қалды. Екеуміз күтіп отырмыз. Министрлікке "бізді ұшырмай қойды" деп, хабарласып қойғанбыз", - дейді Балғынбек әңгімесін жалғап.

Оның айтуынша, бұл оқиға лаңкестік әрекеттер өршіп тұрған кезбен тұспа-тұс келген.


“Терроризм, әр жерде жарылыстар болып жатқан кез. Менің сақалым бар, басымда тақия. Айнұр да әншейінде ашық жүретін, оранып алыпты. Әуежайда сөмкемді бір жерге қойып, әрі қарай дәретханаға кіріп кеткенмін. Камераның бәрінде "сақалды адам келіп, сөмке қойып кетті" деп әуежайдың бәрі шулап кеткен. Айнұр ер адамдарың дәретханасына кіріп кеткен. "Балғынбек, Балғынбек, қайдасың?" деп кабинкаларды ұрып жүр. "Не болды?" десем. "Полиция келді" дейді. Сыртқа шықсам сөмкемді әскер қоршап алған. Қолдарында автомат. Мені шығарып алды. "Ананың ішінде не бар? Құжатыңды бер" деді. Құжатым сөмкемде. Сөмкеме барайын десем жібермейді. Айнұр қорқып кеткен. Әуежайды бір шулатып, түсіндіріп, "өнерпаздармыз, айтыспен ЮНЕСКО-ның жиналасына бара жатырмыз" деп, Айнұрдың құжатын көрсетіп, ана кісілерге тіліміз жеткенше түсіндірдік. Одан кейін сөмкемнен құжатымды көрсетіп, ішін ашып, қауіпті ештеңе жоқ екенін көрсеткеннен кейін ғана олар қатаң ескерту жасап, түсініктеме жазғызды. Біраз қызық болған”, – деп бастан өткен оқиғасымен бөлісті айтыскер.