«QOLQANAT» қайырымдылық акциясы аясында 800 отбасы көмек алды

Ауқымды акция Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстарында өткізілді.

Бұл жолы іс-шара аясында 800-ге жуық отбасы көмек алды. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, асыраушысынан айырылған отбасылар.

Әр өңірден 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Оларға азық-түлік жиынтығы мен қажетті тауарлар берілді, атап айтқанда: күріш - 5 кг, қант - 10 кг, ұн - 10 кг, жарма түрі - 5 кг, халуа - 2 дана, кәмпит - 2 кг, печенье - 2,4 кг, макарон - 10 кг, қара шай - 500 гр, өсімдік майы - 5 л, картоп - 5 кг, қырыққабат - 5 кг, сәбіз - 5 кг, пияз - 5 кг, кір сабын, тіс пастасы, зығыр ұнтағы - 3 кг/5 л, дәретхана сабыны - 1 пакет, сусабын.

«Біз үшін мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсету аса маңызды. «Qolqanat» акциясын  үшінші жыл қатарынан «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырып келеміз. Жыл сайын көмекке мұқтаж 2000-ға жуық отбасыға көмек берілді. Серіктестерімізге, аймақтық қайырымдылық қорларына ынтымақтастық үшін, еріктілерге еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз»,  - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.