Қолтырауын цирк қызметкерінің басын жұлып тастай жаздады

Бұл туралы life.ru басылымы хабарлайды.

Видеодан цирк қызметкерінің айқайын естуге болады. Қолтырауын оның басын тістеп алып ары-бері жұлқылап жатыр екен. Жағы сынған қызметкер аман қалды.

Цирк қызметкерлері бұл нөмірді орындап жүрген қолтырауынның бір күн бұрын өліп қалғанын айтқан. Сол себепті оны тәжірибесіз қолтырауынмен алмастыруларына тура келген екен.