Қолы кісендеулі, аузы скотчпен байланған: ҰҚК қызметкерін өлтіріп кетті


Бұл туралы “Время” басылымы жазады.

Марқұмның қолы кісенделіп, аузы скотчқа байланған болып шықты. Марқұмды бәзбіреулер қинап өлтірген.

Марқұмның денесі таңғы 9-да “Аланда” қонақ үйінен табылған. Қонақ үйді қымбат деуге де, арзан деуге де келмейді.

Қазіргі таңда болған жағдай туралы толық ақпарат жоқ. Дегенмен ҰҚК қызметкері 15 қазан күні, сағат шамамен 18:00-де үйінен шығып кеткен. Марқұм қарақоңқыр шалбарда және қара түсті күртешеде болған. ҰҚК қызметкері әйеліне түнгі 2:30-да “Отбасымды жақсы көремін. Мен қазір маңызды кездесудемін. Бір сағаттың ішінде шықпасам, алгоритмді Рус жақсы біледі” – деп соңғы хатын қалдырған.