Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Әлия Жанғожина некеде 5 жыл тату-тәтті өмір сүрген. Алғашында күйеуі оған сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен әрі үлкен ілтипатпен қарап келген. Алайда кейін барлығы өзгеріп кеткен. Үйде жанжалдар жиі бола бастайды.
"Алғашқы даулы жанжалдар оның қамқорлығы бақылауға ауыса бастағанда басталды. Ол өте қызғаншақ адам болып шықты. Менің араласатын адамдарым азайды, маған кіммен сөйлесуге болады және кіммен болмайды деген таңдауға дейін келді", - дейді Әлия Жанғожина.
Отбасындағы ұрыс балағаттаумен басталып, көбіне ұрып-соғумен аяқталатын. Кейіннен күйеуі кешірім сұрап, ал Әлия оған сеніп, кешіруін жалғастыра берген.
"Бір даулардың бірінде ол мені терезеден лақтырып жіберуге сәл қалды. Оның боқауыз сөздері таусылып, күш қолданудан басқа амалы қалмағандай көрінді. Ол мені көтеріп алып терезеден шығарып тұрды, мен тіпті асфальттің жақын екенін байқап үлгердім", - деп еске алады Әлия.
Әйел полицияға арызданып, әкімшілік сот болған. Ер адамның жазасы учаскелік полиция қызметкерімен болған әңгімеден әрі аспаған. Әлия күйеуі дұрысталуға уәде берген соң тағы да кешірген. Және ол шынымен де қамқор күйеуге айналған, бірақ ұзақ уақытқа дейін емес еді.
"Ұрыстың нүктесі жаз айында қойылды. Ол сол күні мас болып, көлікке отырып қала сыртына шыққысы келді. Мен әрине бұған қарсылық танытып, кілттерді жасырып қойдым. Ол мені асүйде итермелеп, "кілттерді бер" деп қинай бастады. Мені қысып ұстап, бетімнен ұрды", – дейді әйел.
Әйел оқтаумен қорғануға тырысқан. Бірақ күйеуі оны қолынан жұлып алып, әйелге қарсы сермеген.
"Бұның қалай болғанын нақты білмеймін, бірақ мен бұрышта қалып қойдым, ол мені төмпештеп соғып жатты. Мен қорғану үшін автоматты түрде бір нәрсе іздей бастадым, сол кезде қолыма пышақ түсті", - дейді Әлия.
Әйел пышақпен соққы жасап, жедел жәрдем шақырған. Талғар ауруханасында жарақаттың өлімге әкелмейтініне сендіріп, ер адамды үйіне қайтарып жібереді. Келесі күні күйеуі тұншыға бастайды. Сол күні күйеуін Алматы клиникасына жеткізеді. Ал ол жерде дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрған жоғын айтады. Бірнеше сағаттан соң ер адам көз жұмады.
Әлия Жанғожина өзіне кризистік орталықта көмек көрсетіледі деп сенеді. Бірақ полицияның өзіне сенімсіздік танытанынын күтпегенін айтады. Адвокаттар тергеушіні әйелдің өзін қорғау үшін күйеуіне пышақ қолданғанын айтып сендіруге тырысқан.
"Куәгерлердің айғақтары келіспеушіліктердің орын алуына байланысты полицияға, әкімшілік сотқа, кризистік орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық факторы орын алғаны туралы өтініштер болған. Алайда өтініш қабылданбады. Тергеуші 106 баптың 3 бөлігін талап етіп отыр", – дейді заңгерлер.
Яғни, адам өліміне әкеп соқтыратын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Мұндай жазамен Әлия 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай шешіммен марқұм күйеуінің әпкесі де келіспейді.
"Олар тату-тәтті отбасы еді, бірін бірі жақсы көретін. Біздің бар білетініміз осы. Бірге өмір сүрген 5 жылда олар бірге тұрды, бақытты болды. Әлияның пышақпен соққы жасағанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ оның қандай себеппен бұлай жасағанын тергеу мен әділ сот анықтасын", - дейді марқұмның әпкесі Аида Жетпісбаева.