«Қолымыз жеткеніміз орыс қызына үйлендік. Ұлттың ұлт боп ұйытылуы, бесіктен басталарына мән бермеппіз": Мұхтар Әуезовтің өкініші

Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Әуезов келер ұрпақтың қазақтан басқа өзге ұлт өкілінен жар таңдамауға ақыл-кеңесін айтты. 

Мұхтар Әуезовтің өкініші...

"Біздің жасаған қателіктерімізді қайталамаңдар. Жоғары оқу орындарында оқып жүргенімізде қазақ қыздары орталау мектепті де бітірмейтін еді.
Содан ба «тең теңімен» дегенге әулекіленіп, «қолымыз жеткеніміз» орыс қызына, одан кейінгілеріміз татарға, басқа ұлт бойжеткендеріне үйлендік.

Ұлттың ұлт боп ұйытылуы бесіктен басталарына мән бермеппіз. Ал, ұлттың ұлылығын сақтау үшін өз жұртыңның аруымен бас қосудың аса қажеттігін кеш сезіп, сан соғып жүрміз.

Сендер елден алыста жүрсіңдер. Бүгінде қазағыңның оқыған қаракөздері жеткілікті. Біздің қателігімізді түзетуге тырысыңдар", деп жазған. 


"Осыны ұрпағына айтып кеткеніне рахмет. Әйтпесе, ұрпақ өзге ұлтқа үйлену мода, аталарымызосылай істеген деп шатасар еді. Ол кезде заман қиын еді", "Ондай мықты тұлғалар қалды ма екен ұлтымызда. Саусақпен санарлық шығар", "Дұрыс айтады. Қазақтың қанын бұзбау керек", деп жазды оқырмандар.