Қомақты пара берді деген күдікпен облыс депутаты ұсталды

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады 365info.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысындағы департамент өкілдері 26 шілдеде облыстық мәслихаттың депутаты, «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің» директоры Сопбековті ұстады.

«Сопбеков делдал арқылы, яғни сол мекеменің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы арқылы облыстық білім басқармасының лауазымды тұлғасына тағы да қосымша мемлекеттік гранттарды алу үшін 3 миллион теңге көлемінде пара берген», — деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, күдікті Шымкент қаласының ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.