Қонаев 5 дана гүлмен құттықтағандарға: "Мен үшін үлкен шығынға ұшырапсыз"

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Видеода " Мына гүлдің бір данасы 5-6 рубль тұратын шығар. Мен үшін бұл көп. Гүлсіз де құттықтауыңызды қабыл аламын", делінген. 

"Қонаевты жамандайтындар көрсін мынаны.
«5 тал гүлді алып—шығын шығарыпсың. Бұл гүлдерсіз де мен құттықтауыңды қабылдаймын-ғой» деп отыр Димаш атамыз.

Н. Назарбаев пен оның туыстары иемденген трл-даған теңге мен, млрд- таған долларды ойлашы енді.
Вилла алмаған елі жоқ, аяқ баспаған жері жоқ,
оппоненттерін аттырып,
саратниктерін лақтырып,
Қазақтың интересін орысқа өткізіп,
өзіңе уәдені үйіп—төккізіп,
30 жылда 3 қатын алғаннан басқа жетістігі жоқ, өтірік айтып-айтып
түкте бүлдірмеген адамша тайып тұрған Нұрсұлтанның қайда екенін білесіңдер ме?

Өлгенде өзін көміп—асын өткізетін ақшасы болмаған Қонаев пен, «өлсем хандардың арасында жатамын» деп, Түркістаннан орын дайындап жүрген Назарбаев айырмасы —жер мен көктей!", деп жазды Тортуыл Шоқан есімді азамат.