Қонаев қаласынан бір тәулікте 44 мың текше метрден астам қар шығарылған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазгидрометтің мәліметінше, Қонаевқа 24,5 мм қар жауған. Бұл - орташа айлық көрсеткіштен (21 мм) жоғары. Қазіргі таңда коммуналды қызмет көрсетуші компания күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Қалада тәулік бойы қар тазалануда. Бүгінде қалада 13 техника мен 30 адам жұмыс жасауда. Алдымен қоғамдық көліктер жүретін жолдар тазаланып, кейіннен басқа көшелер тазаланады", - делінген әкімдік жариялаған хабарламада.