Қоңқабаев, Бибосынов, Елеусінов 1,5 миллион теңгеден алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сертификаттармен ресми түрде марапаттау Оралда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңінде өтті. Спортшылар ұлттық турнирге қадірлі қонақ ретінде шақырылған. Ал марапат 2021 жылы жеткен жетістіктері үшін берілді.

Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиода өткен Олимпиадада қола медаль жеңді. Ал Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанған. Ол екеуі де түрлі себептермен Қазақстан чемпионатына қатыспаған.

2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов 18 желтоқсанда ІВО нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді жеңген еді.


Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан чемпионатының алғашқы бес жеңімпазытуралы хабарлаған едік.