Қоныс тойын тойлаған Ләйлә Сұлтанқызы зәулім үйін көрсетті

Қоныс тойын тойлаған тележүргізуші зәулім үйін көпшілікке көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Тележұлдыз қонақ бөлмесін, балалар бөлмесі мен ас үйін көрсетті. 

"Қонақ бөлмесінде балаларымызбен кино көргенді, шахмат, нарды ойнағанды жақсы көреміз. Ауыл жақтан адамдар келгенде аяқты созып отырғымыз келеді ғой. Жұмсақ кілемді алғаным да сол", - дейді Сұлтанқызы ағынан жарылып. 

Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот

"Әйелдің өмірін суретте десе, мен екі-ақ ауызбен суреттер едім. Қонақ күткеннен кейін оның өмірі ас үй мен қонақ бөлменің арасында өтеді. Дәл қазір менің ұлдарым жаттығу залында. Пирог дайын тұр, ет асулы. Ет демекші, біздің үйде күніне бір жілік асылады десем, өтірік емес. Өйткені келім-кетім қонақтар көп. Күйеуім жақсы көреді", - дейді тележүргізуші. 


Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот

Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот

Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот