Қопарғыш затты сақтағандығы үшін Сәтпаевта ресейлік азамат сотталды

"Жігіт пластина тақылеттес қопарғыш зат салынған төрт брикетті сақтап келген. Сараптама көрсеткендей, бұл массаның қопарғыш қуаттылығы күшті ,ол тау -кен өнеркәсібінен өндіріледі", деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" баспасөз қызметінен.

Тергеу оның кен өндірісі саласына ешқандай қатысының жоқ екендігін анықтаған. Оның айтуынша, қопарғыш затты ол Кенгір су қоймасы жағалауынан тауып алған.