Қоқыс өңдейтін зауыттардың сызбасын жасаған студенттер марапатталды

Қаланы таза ұстаудың түрлі тәсілін ұсынғандардың ішінен үздікті анықтау қиынға соқты дейді эколог Мэлс Елеусізов. Жүзден жүйрік атанғандарға бағалы сыйлықтар табысталды. Енді бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:


- Біз биыл Алматының қоқыс мәселесі жайлы ТЭО жасадық. Қосымша конкурс өткіздік студенттер кішкене үйренсін деп. Табиғатты бәріміз аяламасақ, табиғат бізден кетеді.