Қоқыс пакетінен жасалған костюм. Министрлік Желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Біздің онкоаурухана. Байғұстар. Осылай пакеттерді киіп, қорғанып жүр. Бұл сұмдық қой! Біреуге айтсаң сенбейді. Байғұс дәрігерлер", - делінген видеода.

 

Видеоның нақты қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Біреулер Алматыда түсірілді десе, тағы біреулер Шымкентте немесе Нұр-Сұлтанда түсірілген дейді.

"Бұл ролик Қазақстанда түсірілмеген. Видео фейк", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.