Қоқыс жәшігінен өлі туылған шақалақ табылды

Бұл туралы әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне сол маңда тұратын бір азамат телефон арқылы хабарлаған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, мәйіт тексеріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, анасы түсік тастаған. Мамандар шарана өлі туғандықтан, оны қоқысқа лақтырғаны үшін келіншек заң алдында жауап бермейді, - деп отыр. Бірақ оның моральдық-этикалық жағы бар. Қазір шақалақты қоқысқа анасы немесе дәрігерлер тастағаны анықталып жатыр.


Салтанат Қаракөзова, облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: - Мәйіт 3-4 айлық, өлі туылған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды http://24.kz/.