Қор нарығында доллар арзандады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,40 теңгеге төмендеп, 1 доллар 446,79 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 448,13 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 447,5 теңге, сатып алу – 449,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445,9 теңгеден болса, сатып алу – 449,9.

Ресей рублі 5,02 – 5,12 теңге аралығында саудаланып жатыр.


ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 4 шілде күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,01теңге болды.