Қор нарығында доллар бағамы тағы 4 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің 3 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 435, 69 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 432 теңге, сатып алу – 436 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 432 теңгеден болса, сатып алу – 435,5


Еске салайық, кеше қор нарығында доллар бағамы бірден 6 теңгеге арзандаған еді.