Қор нарығында доллар шамалы арзандап жатыр

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,04 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 07 теңге болды.


Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,3 теңгеден болса, сатып алу – 447,5.

Ресей рублі 4,83 – 4,94 теңге аралығында саудаланып жатыр.