Қор нарығында доллар тағы арзандады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0, 64 теңгеге төмендеп, 1 доллар 440,55 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 441,11 теңге болды.


Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу – 445,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442 теңгеден болса, сатып алу – 446 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,90 – 5,04 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,87 - 5 теңгеден сатылуда.