"Біз 2009-2010 жылдарда инвесторлар мен эмитенттер саны күрт өседі деп болжап отырмыз. Қор нарығындағы іскерлік белсенділік 2009-2010 жылдарда нақты шарықтау шегіне жетеді деп ойлаймыз", - деді А. Арыстанов.
Оның пікірінше, бұл "нақты сектор үшін, өнім өндірушілер үшін салықтан жеңілдіктер көрсетуге байланысты, ол компаниялардың қор нарығына шығу шығындарын азайтады".
"Бұл сондай-ақ, жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім мөлшері 7 мың доллардан асқанда статистикаға сәйкес қор нарығындағы белсенділіктің артатындығына байланысты", - деді А. Арыстанов.
Бұған қоса, оның пікірінше, қор нарығын дамытуда агенттік Қаржы министрлігімен және қаржылық бақылау агенттігімен бірлесе өткізіп отырған халықты оқыту бағдарламасы да оңды роль атқармақ.