Александра 25-тен астам ғылыми мақалалар үш тілде жазып, жариялады, студенттердің ғылыми қызметіне белсенді қатысқаны үшін 26 дипломға ие, сонымен қатар волонтерлік қызметпен де айналысады.
- Өзім үшін жаңа бір нәрсені үйрену, зерттелмеген көкжиектерді ашу мен үшін өте қызықты. Ғылыми қызмет – бұл ойлау мен өзін-өзі жетілдірудің үлкен саласы. Мен бір орында қалуды қаламаймын. Жаңа мақсаттарға қол жеткізіп, мен одан әрі әрекет ету үшін үлкен қуатқа ие боламын. Мамандығымның арқасында менде әр дағдыны кірпіш қалағандай құрастыру қасиеті пайда болады. Өзім өте шығармашыл адам болғандықтан, мен бұл дағдыны тігін саласына арнауды ұйғардым. Жарты жылда бір рет дизайнер-конструктор біліктілігін арттырамын және өз киім брендімді дамыту үшін жеткілікті білім мен тәжірибеге ие болу үшін түрлі курстар мен марафондардан өтемін. Сондай-ақ, мен интерьерді 3D модельдеу және ғимараттарды жобалау бағдарламаларына қызығушылық танытамын. Бұл менің жақында ғана игерген
хоббиімнің бірі, - дейді «Аспап жасау» мамандығының студенті Александра Кривогузова.
Александра үшін стипендия алу – жаңа дүинелердің құпиясын ашып, өзін одан әрі ынталандыруға берілген үлкен мүмкіндік.
- Бұл тек ақшалай көмек қана емес, бұл алдыңызда ашылған жаңа мүмкіндіктер. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты болу – үлкен абыроймен қатар, жауапкершілікті жүктейді, алдағы уақытта лайық екенімді өз іс-әрекетіммен дәлелдеуім керек, - деп ойымен бөлісті Александра.
Өз құрбыларына сәлемдеме жолдаған ол, кез-келген мақсат пен ойды жүзеге асыруға болатындығын айтады.
- Мақсатқа ұмтылуды бастау оңай емес. Бірақ сіз бастаған сәттен, бәрі сіз ойлағандай орындала бастайды. Ең бастысы – мақсатыңыздан бас тартпаңыз және әрқашан тек алға ұмтылыңыз! – отандасымыз жас қазақстандықтарды осылай жігерлендірді.