Қор стипендиаты Шахмұрат Исмаилов: Оқудағы жетістіктер ғана емес, рухани тұлғалық даму да маңызды

Жалпы медицина мектебінде («Коммуникативтік дағдылар» кафедрасы) төртінші курста оқып жүріп, Шахмұрат оқуын, ғылыми-зерттеу жұмысын және қоғамдық қызметін қатар алып жүр. Сондай-ақ ол республикалық және халықаралық студенттік ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. Сонымен қатар, Қор стипендиаты жастайынан кәсіби бағдар беру бойынша психологиялық әдістеме авторлық куәлігінің иегері атанды.

Шахмұрат жоғары оқу орнында студенттердің өмірге қанағаттану дәрежесін және олардың жеке мотивация деңгейін анықтау бойынша екі ірі зерттеу жүргізді. Аталған жұмыстың нәтижелері халықаралық симпозиумдар мен конференцияларда ұсынылып, жүлделі орындарға ие болды.

Болашақ дәрігер өскелең ұрпақпен тығыз жұмыс істейді. Алматы қаласының мектептерінде Шахмұрат «ЖИТС және АИТВ алдын алу», «Салауатты өмір салты. Мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу: темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық», «Туберкулез туралы не білесің? Туберкулездің алдын алу» сияқты тақырыптарда сыныптан тыс сағаттар өткізеді.

Шахмураттың шығармашылық және ғылыми әлеуеті үшін Кеңес Одағының Батыры М. Мәметова атындағы, Академик Ш. Есенов атындағы стипендиялар тағайындалды, «Үздік студент – 2019» медалі, «Ууниверситет үміті – 2019» наградасы табысталды.


- Зерттеулеріңді мойындағанда, өз еңбегіңмен түрлі конференциялар мен Конгрестерге қатысқанда, сені әлемдік деңгейдегі алаңдарда баяндама жасауға шақырғанда, сен өз университетіңді, қалаңды және ең алдымен өз еліңді халықаралық деңгейде таныстырасың, — деп атап өтті стипендиат.

Шахмұрат құрдастарына арнаған сөзінде оқуда жетістікке жету ғана емес, сондай-ақ рухани, психологиялық, мәдени және жеке дамуға уақыт бөлу маңызды екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы Шахмұрат үшін қажырлы еңбегінің, отбасы қолдауының және оқытушылардың оның дарынына деген берік сенімінің нәтижесі.