«Қазіргі кезде жер даярлау жұмыстары толық аяқталып, төсеме қабаты әзірленіп, шақпақ тас-құм қоспасынан жасалған табан цементпен өңделді, сонымен қатар, жол айрықтарында жолдарында цемент-бетон жамылғыларын салу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
Бас мердігер - АО «Дженгиз Иншаат» компаниясы. Жұмыс көлеміне Жамбыл облысы Қордай ауданының Қордай мен Благовещенка кенттерінің арасындағы жол учаскесінің құрылысы кіреді.
Бүгінгі күні учаскеде жол айрықтарында және негізгі жолдарда бөгеме қоршаулар орнатылуда. Фундаменттер, бермалар (жол белгілерінің орындары) және жол белгілері жұмыс құжаттамасына сәйкес орнатылуда. Көпірлер мен жол өтпелердің аяқталуы 95 пайызға жетті. 4 көпірдің асфальт-бетон жамылғысы төселіп, 5 көпір асфальт-бетон жамылғысы төсеуге тапсырылды. 3 көпірдің жол төсемін гидрооқшаулау жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Аталған учаскенің барлық 12 көпіріндегі бөктерлерді бекіту жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, су өткізетін құбырлар мен арналарды бекіткен тұстарында бекіністерді нығайту жасалуда. Демалыс алаңдарының цемент-бетон жамылғылары салынып, эстакадаларды бетондауға арналған қалыптар орнатылды. Материалды әзірлеу бекітілген кесте бойынша толықтай жүргізілуде.
Учаскедегі жұмыстарға 217 жол-құрылыс техникасы мен құралдар, онын ішінде 2 Vogele SUPER 1900-2 асфальт төсеуіштері, 1 Vogele SUPER 2100-2 асфальт төсеуіші жұмылдыралғанын атап өткен жөн.
SUPER сериялы асфальт төсеуіштері қолайлы өлшемдерімен, сағатына 900-1100 тонна төсейтін жоғары өнімділігімен және ұтқырлығымен ерекшеленеді. Осының барлығы аталған машиналардың үнемділігі мен сенімділігіне көз жеткізеді.
«Қордай асуының айналма жолы» 162-260 шақырым аралығындағы учаскесі ІІ техникалық категориялық етіп, жол үйіндісі мен жасанды құрылғыларды 4 жолақты І техникалық категориялық жолға лайықтап іске асырылуда екендігін атап өткен жөн. Құрылыс жұмыстарына 946 адам жұмылдырылған.
Сонымен қатар, машиналар ағыны мен апаттылықтың күрт өсуіне байланысты учаскені І категорияға дейін жетілдіру жұмыстарын бастау қажет. Осыған байланысты, Көлік және коммуникация министрлігінде жолды 4 жолақты І техникалық категорияға көшіру мәселесі қарастырылуда. Ол үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды.