айтты.
«Мен ондағы жағдайды басқаша сипаттай алмаймын», - дейді комитет басшысы. Оның айтуынша, 50-70 адамнан құралған топ «Қордай» бекетінде сан алуан заң бұзушылықтардың бастамашысы болып жатады. Олар шекарада тұрып қалған саудагерлерді алдына салып алып, кедендік бекеттің тас-талқанын шығаруға дейін барады. Қазіргі кезде комитет аталған топ бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. «Бәлкім, алдағы уақытта жаңа «Қарасу» шекара бекеті ашылғаннан кейін, «Қордайдағы» жағдай тұрақталады», - дейді М.Есенбаев.
Комитет басшысы атап көрсеткендей, бүгінгі таңда Қазақстан мен Қырғызстан арасында арнайы үкіметаралық хаттамаға қол қойылды. Оған сәйкес, қазақ-қырғыз шекарасы бірлесіп бақыланатын болады.