Қорғаныс министрі АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті


Бұл туралы Caravan.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіyt cілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында екі елдің қорғаныс ведомствалары арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланып, әскери кадрларды даярлау ауқымында өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу болашағы, әскери оқу орындарының курсанттар мен тыңдаушыларын өзара алмастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ басқа да бірқатар өзекті тақырыптар қозғалды. Еліміздің қорғаныс ведомствасының басшысы Төтенше және өкілетті елшіні әскери-техникалық ынтымақтастық аясында Қарулы Күштерге америкалықтар тарапынан жеткізілген төртінші «Хьюи» тікұшағы үшін алғысын білдірді. Бүгінгі күні Қазақстан мен АҚШ әскери ынтымақтастығының контекстіне әскери-далалық медицинаны дамыту мен жеке құрамды даярлау шеңберіндегі өзара мүдделер кіреді. Екі елдің 2018-2022 жылдарға арналған жаңа бес жылдық жоспарының жобасында екіжақты әскери ынтымақтастықтың келешектегі мәселелері қамтылады.