Қорғаныс министрі МИГ-31 ұшағының құлауына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

Министр ұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтауды өзінің жеке бақылауына алу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне "Idex-2007" халықаралық әскери қару-жарақтар көрмесіне қатысуға барған іссапарын аяқтамай, елге оралды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанның қорғаныс министрлігіне тиесілі МИГ-31 әскери ұшағы 16-ақпан, жұмада Қарағандының маңайында жүргізілген жаттығу кезінде құлаған болатын. Екі әскери қызметкерден тұратын ұшақ экипажы мерт болған.

Болған жағдай мен апат салдарын тексеруші комиссияның алдын-ала жасаған мәліметтері бойынша, ұшақ пилотаждық -навигациялық жабдықтың істен шығуының салдарынан құлаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті