Қорғаныс министрі қаза тапқан ұшқыштардың отбасына пәтер берді

Бұған дейін Ерлан Науанов пен Денис Горбунов қаза тапқаннан кейін «Айбын» орденімен марапатталған болатын. СУ-27 жойғыш ұшағы былтыр Талдықорған маңында оқу-жаттығу кезінде құлаған. Тізгіндегі қос подполковник сол төмен құлдилаған ұшақты елді-мекеннен аулақ алып кету үшін қолдан келгеннің бәрін жасапты. Өздері де катапультті қоса алмай, марқұм болған еді. Бүгін сол жесір әйелдер мен жетім қалған балаларына Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Астанадан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.Ал қос ұшқыштың өмірін жалмаған апатқа 4 ай өтсе де әскери прокуратура істі әлі тексеруде. 

Loading...