Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәйкеевке сот үкімі шығарылды

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б.Мәйкеев қомақты көлемде пара алды және заңсыз қару-жарақ сақтады деген баптар бойынша айыпты деп танылды.

Сонымен қатар, сот оны мемлекеттік марапаттары мен генерал-майор атағынан айырды.

Бұған дейін айтылып келгендей, бұрынғы вице-министр 252 млн теңге мен 147 мың доллар пара алды деп айыпталған болатын. Ол осы жылдың қазан айында қамауға алынды.