Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары сотталды


Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік сыйлығы мен әскери шенінен айырылды. Тергеушілердің мәліметі бойынша, Майкеев танысына  тендерді ұтып беруге әуде етіп, 2 миллиондай АҚШ доллары көлемінде ақша сұраған. Ол сол ақшаны көлігінде санап алып жатқан жерінде қолға түсіп, биылғы ақпан айында қамауға алынған еді. Алайда, бұрынғы шенді тағылған айыптарды жоққа шығарып, сөмкеге толы ақшаны көлігіме әлдебіреулер әдейі қойып кеткен деп ақталған болатын.