Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарға арнап «шұғыл желі» ашты

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Әскерге шақырылған азамат немесе оның туыстары шұғыл желіге хабарласып, 2015 жылғы науқан туралы сұрақтарына (құжат тапсыру, медициналық тексеру т.т) жауап ала алады», - делінген хабарламада.
Шұғыл желі телефондары: 8 (7172) 72-13-89, 72-14-20, 72-13-82 (тәулік бойы) және 8 (7172) 39-33-37 (медициналық тексеру мәселелері туралы)
Биыл көктемгі әскерге шақыру науқанында 15 мыңнан астам жас жігіт Қазақстан армиясы қатарына алынады.