Қорғаныс министрінің айтуынша, біріншіден, әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі деңгейін, жауынгерлік кезекшілік сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданды. Қарулы Күштердің күн тәртібінде - әскерлер мен қаруды жауынгерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу. Бұл жүйе жалпы әскерлерді басқаруды және оларды пайдаланудың барлық мүмкін салаларын қамтитын болады - жерде, әуеде және теңізде.
Екіншіден, қарқындылық пен жауынгерлік әзірлік сапасын -бейбіт уақыттағы армия қызметінің негізгі түрін арттыру бойынша шаралар қабылданады.
Үшіншіден, армияда қару-жарақ пен техниканың жаңа жүйесі, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің қазіргі заманғы үлгілері мен тәсілдері енгізілетін болады. ӘШҚҚ нығайту, әскерлерді авиация , зымыран және броньды танк техникаларымен, байланыс пен басқарудың қазіргі заманғы жүйесімен қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қаралды. Армияны жарақтандыруда жоғары дәлдікті қаруға, қазіргі заманғы РЭК құралдарына басымдық беріледі. Әскери-теңіз күштерін қалыптастыру мен Каспий жағалауында әскери инфрақұрылымды құру жалғасуда. Есепке алумен байланыс жүйесінде, навигацияда, картографияда, әскерлер мен қаруды басқаруда, әуе кеңістігін бақылауда және әскери қызметтің басқа да салаларында ғарыштық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы Армияны техникалық жаңғырту әскерлердің ұтқырлығы мен жауынгерлік әлеуетін, олардың тиімді автономды іс-қимылына қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, кадрлар әлеуетін қалыптастыру тәсілі мен қағидаттары өзгереді. Осы мақсатта әскери білімнің отандық жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды, офицерлер мен сержанттардың қызмет өткеру тетігіне түзетулер енгізілді.
Бесіншіден, ел президентінің тапсырмаларын орындау үшін Қорғаныс министрлігі шартты түрде "әскери қызметшінің әлеуметтік пакеті" деп белгіленген шаралар кешені әзірленді, ол әскери қызмет мәртебесін арттыруға, погондағы адамдарды мемлекет тарапынан елеулі әлеуметтік кепілмен қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері әзірленуде.
Ағымдағы жылы біз қызметтік тұрғын үйді дамытуға 2 млрд. астам теңге бөлінді.
Басымдық Аягөз, Отар, Сарыөзек, Қапшағай, Приозерск, Шенгелді сияқты алыс әскери гарнизондарда тұрғын үйді күрделі жөндеуге беріледі.
"Әлеуметтік пакетті" іске асыру тек әскери қызметтің мәртебесін ғана емес, жеке құрамға талапты, жауынгерлік даярлық сапасын және Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің деңгейін арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті