Атап айтсақ, "күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, түрлі нысандар салу, жауынгерлерге азық-түлік сатып алу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуда" Қорғаныс министрлігі тарапынан заң бұзуға жол берілгені белгілі болды. Жалған құжаттар жасауға қатысты 20 дерек әшкереленді. Соның салдарынан 487,6 млн. теңгеге бағаланған байқаулардың жеңімпаздары дұрыс анықталмаған. Мәселен, потенциалдық қызмет түрлерін сатушылардың байқауға өткізген құжаттары байқау комиссиясына тапсырылғаннан кейін барып заң талаптарына сәйкестендіріліп келген. Сонымен бірге мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартына байқау өткізбестен және мемлекеттік сатып алу істерімен шұғылданатын уәкілетті мекемемен келіспестен қол қою деректеріне де жол берілген.
Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2004-жылғы қаржылық бақылау қорытындысы бойынша комитет 6078 нысаннан 12,4 млрд. теңгенің қаржылық заң бұзу деректерін әшкереледі. 1,03 млрд. теңгенің мақсатсыз және заңсыз шығыны өтеліп, бюджетке 114 миллион теңгенің төлемдері аударылды, мақсатсыз жұмсалған 194,8 миллион теңге кері қайтарып алынды. 4376,4 млн. теңгенің 1073 материалы құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды. Байқауларды ұйымдастырушыларға байқау қорытындысын қуатсыз ету және қайта қарау туралы 162 жазбаша талап жіберіліп, байқаудың қорытындысын қуатсыз ету, осындай байқаулардың нәтижесінде жүзеге асырылған сауда-саттық мәмілелердің күшін жою туралы сотқа 37 талап арыз берілді.