"Біз бұрынғы КСРО елдерінің ресми сұранысынсыз -ақ жаңа қару-жарақ үлгілерін экспортқа арнап жасауды көздеп отырмыз", -деді ол.
Оның айтуынша, дүркін-дүркін оқ жаудыратын "Найза" зымыран кешені, 120-миллиметрлік "Семсер" гаубицасы мен өзіндігінен жүретін "Айбат" минометі секілді жаңа қару түрлері жайлы сөз болып отыр.
"Қазақстан армиясына жаңа әскери техниканың осынау үлгілері келе бастады, біз оларды еліміздің әскери-өнеркәсіптік кешенінде жасап жатырмыз", - деді ол. Жаңа қару-жарақ түрлерінің бәрі атысты басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған, жоғары ату қуаты, жоғары атыс қашықтығы мен жылдам ату қабілетіне ие.
"Бірінші үлгілер Израиль кәсіпорындарымен бірлесіп жасалған. Қазір барлық өндіріс Петропавловскідегі ауыр машина жасау зауытына көшірілген", -деді А. Жотабаев.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін Қазақстан армиясында "Найзаның" бір, "Семсердің" бір дивизионы мен үш "Айбат" минометтік батареясы болады.