Қорғаныс министрлігіне қатысты тергеу амалдарын саясиландырғаны үшін министр отставкаға кетті - Грузия

Премьердің айтуынша, бұл шешім қазіргі кезде әскери ведомстводағы жемқорлыққа қатысты тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты.

«Грузияның солтүстікатлантикалық бағытына қатер бар деп, министр жауапсыз мәлімдеме жасады және жемқорлық деректері мен өрескел қателіктер табылған Қорғаныс министрлігіне қатысты тергеу амалдарын саясиландырғысы келді», делінген мәлімдемеде.

Үкімет басшысы Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы болып, Дағдарысты басқару Кеңесінің жетекшісі Миндия Джанелидзе тағайындалатынын мәлімдеді.


Парламенттің жаңа басшыны мақұлдағанына дейін Қорғаныс министрінің міндетін ведомствоның бірінші орынбасары Георгий Гегечкори атқарады.