Қорғаныс министрлігінің генералы пара алғаны үшін сотталды

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. .

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігі Кадр департаментінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) бұрынғы бастығы генерал-майор Қ.Р. Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.


Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.