Күш құрылымдарындағы сенімді дерек көздерінің хабарлауынша, полковник табелді тапаншадан атылып өліпті. Ал Қорғаныс министрлігінің ресми таратқан мәлімдемесінде, Абай Мырзабековтың соңына тілдей хат қалдырғаны айтылған. Бірақ онда не жазылғаны тергеуге байланысты жарияланбай отыр. Қазір марқұм қызмет еткен бөлімді Ішкі Істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура тексеріп жатыр. Бір айта кетерлігі, Боралдай кентіндегі №55065 әскери бөлімі бұған дейін де қылмыстық іске арқау болған. Екі жыл бұрын зенит-зымыран кешеніне сапасыз қосалқы бөлшектер сатып алып бюджеттің миллиондарын жеген генерал Асқар Бөлдешов 8 жылға сотталды. Кейін оған Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары қосылып түрмеге жабылған болатын. Басынан дау арылмаған бөлімнің енді командирі өзіне қол салып отыр.
Loading...